Қазақстан Президенті корей компанияларын Alatau City қаласын салысуға шақырды

Alatau City Қазақстанның ғана емес, бүкіл аймақтың жетекші халықаралық бизнес хабына айналады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Корея бизнес форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Сингапурлық компаниялармен серіктесе отырып, біз аумағы арнайы экономикалық аймаққа жатқызылған «Alatau City» жаңа ақылды қала құрылысын бастадық. Ол Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің жетекші халықаралық бизнес хабына айналады деп жоспарлануда, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кореялық компанияларды осы жобаға қатысуға шақырды.

Толығырақ сілтемеде: https://kaz.inform.kz/news/tokaev-korey-kompaniyalarin-alatau-city-kalasin-salisuga-shakirdi-0bede6

Ақылды қала Алатауға кешенді цифрландыру мен автоматтандыруды енгізіледі

Алдыңғы мақала

Келесі мақала