Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалық кеңсе құрылады

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің, Құрылыс және ТКШ істері комитеттері, «Alatau» Арнайы экономикалық аймағы басшылығының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ірі инвесторлардың қатысуымен Алатау қаласын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, денсаулық сақтау, білім беру және спорт нысандарын салу мәселелері талқыланды. Қала құрамына шағын аудандарға айналдырылған 12 елді мекен кірді, Алатаудың Бас жоспары бекітілді, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдары құрылды. Жалпы ауданы 88 мың га құрайды, халқы 54 мыңға жуық адам.

Толығырақ сілтемеде: https://primeminister.kz/news/ukimet-zhanynan-alatau-kalasyn-damytu-zhonindegi-zhobalyk-kense-kurylady-29075

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

Келесі мақала