08.11.2024
Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алатауды
дамыту мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысы өтті.
Қатысушылар «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы»
заңды әзірлеу және арнайы экономикалық аймақтар бойынша заңнаманы қайта қарау
жөніндегі шараларды талқылады. Бұған дейін Қанат Бозымбаев Қытайдың CDI
даму институтының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, олар осы бағытта
көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.
Вице-премьер жаңа қаланы салу кезінде тек халықаралық
стандарттарға ғана емес, сонымен қатар өз тәжірибемізге де сүйену қажет екенін
атап өтті.
Толығырақ сілтемеде: https://primeminister.kz/news/investitsiyalar-zher-maseleleri-zhane-aue-koligi-zhobalyk-kense-otyrysynda-alatau-kalasyn-damytu-maselesi-talkylandy-29296