09.09.2025
Премьер-министр Олжас
Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан:
өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан
халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды.
Алатау қаласын дамыту және
оған арнайы мәртебе беру жұмыстары аясында Премьер-министр қаланың құқықтық
режиміне және оны басқаруға қатысты заңнамалық актілерді әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ Цифрлық даму министрлігі бір ай мерзімде үздік халықаралық тәжірибені
ескере отырып, «Ақылды қалалар» тұжырымдамасын кеңінен тарату бойынша
іс-шараларды әзірлеуі қажет.
Премьер-министр Жолдауды
жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар әзірлеп шығатынына база назар
аудартты. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен
бірлесіп дайындау туралы тиісті тапсырма берілді.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://primeminister.kz/news/olzas-bektenov-ukimet-zoldauda-koiylgan-mindetterdi-uaktyly-ari-sapaly-oryndauga-basa-man-berip-otyr-30488