02.01.2026
ҚР
Президентінің Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын
жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу
жобасы іске асырылады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Атап
айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Mars Petcare Kazakhstan» ЖШС-мен Қонаев
қаласында зауыт салу туралы келісім жасады. Инвестицияның жалпы көлемі 88,8
млрд теңгеден асатын кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 100 мың тонна өнім.
2030
жылдың 31 желтоқсанына дейін нысанды салу және пайдалануға беру жоспарланған.
Жұмыс 2031 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Зауытта 200 жұмыс орны ашылады, оның
кемінде 85%-ы қазақстандықтар үлесіне тиесілі. Сонымен қатар компания кадрларды
оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап
отыр.
Жобаны
жүзеге асыру еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, қосылған
құны жоғары өнімдер желісін кеңейтуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және
өңірде тұрақты өндірістік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дереккөзге
сілтемеде: https://primeminister.kz/news/almaty-oblysynda-investiciia-kolemi-88-mlrd-tengeden-asatyn-ui-zanuarlaryna-arnalgan-azyk-ondiru-zauyty-salynady-30920