15.01.2026
Премьер-министр
Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының
«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі
цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Алатау
қаласының базасында инвестицияларды, технологияларды және іскерлік
белсенділікті тартудың жаңа полюсін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін
жүзеге асыру барысымен танысты.
Ұлттық
экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Алматы облысы әкімінің
орынбасары Рустам Исатаев Премьер-министрді Алатау қаласының аумағындағы
инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, қала құрылысы мен
инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайындық туралы, сондай-ақ өңірді
электр энергиясымен қамтамасыз ету, оның ішінде қажеттіліктерді ескере отырып
жаңа өндірістерді іске қосу бойынша хабардар етті.
ҰЭМ
деректері бойынша бүгінгі таңда Алатаудың Бас жоспарына түзету енгізілді,
инженерлік желілердің салалық схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және
инфрақұрылымдық дамудың Жол картасы бекітілді.
Жол
картасының бірінші кезеңі 365,1 млрд теңге сомасына 21 жобаны жүзеге асыруды
көздейді. 2026-2027 жылдары қосалқы стансаларды, су жинау торабын және газ
құбырларымен қатар, инженерлік инфрақұрылымның қолданыстағы нысандарын
реконструкциялау мен жаңа объектілер салу жоспарланған. 2028-2030 жылдардағы
екінші кезең 312,5 млрд теңгеге 9 жобаны қамтиды, оның ішінде екі қосалқы
станса, автоматтандырылған газ тарату стансасы бар газ құбыры, кәріз тазарту
және 49 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы қамтылады.
Iconic
Towers зәкірлік жобасына арнайы назар аударылды. Оны салу туралы келісімге 2025
жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол
қойылған болатын. Инвестиция көлемі $800 млн-нан асады. Архитектуралық
тұжырымдаманы әзірлеу үшін америкалық SOM компаниясы тартылды. Кешеннің жалпы
ауданы 276,8 мың шаршы метрді құрайды және оған екі мұнара, кеңселер, пәтерлер,
қонақ үй мен сауда орындары кіреді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді 2027
жылдың сәуіріне дейін аяқтау жоспарлануда, құрылыс жұмыстарын биылғы мамыр
айынан бастап, 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Толығырақ
сілтеме бойынша: https://primeminister.kz/news/prezident-tapsyrmalaryn-oryndau-olzas-bektenov-alatau-kalasynyn-investiciialyk-zane-infrakurylymdyk-zobalarymen-tanysty-30963