Алатау қаласы арнайы мәртебе алады: заң жобасы әзірленді

Ұлттық экономика министрлігі «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын әзірледі деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасы қалада тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға, цифрлық және инновациялық технологияларды енгізуге, заманауи халықаралық стандарттарды қолдануға, сондай-ақ қала құрылысы, әлеуметтік, экологиялық және инвестициялық процестерді реттеуге бағытталған.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – Алатау қаласының қызметі мен дамуына жеке инвестицияларды тартуға, республиканың экономикасының сапасын арттыруға жағдай жасайтын жетілдірілген құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шарттарды құру.

Алатау қаласының арнайы мәртебеде қызмет етуі, дамуы, қаладағы процестерді реттеу және басқару негізгі мақсаттарға бағытталады:

·       Алатау қаласын халықаралық деңгейде экономикалық, технологиялық, ғылыми-білім беру, сауда-ойын-сауық және инвестициялық орталыққа айналдыруға жағдай жасау;

·       қалада тәуелсіз құқықтық және әкімшілік режимді қалыптастыру және оны ұзақ мерзімді сақтау, адам капиталының, инвестициялардың және технологиялардың жедел дамуына мүмкіндік беру;

·       Алатау қаласының дамуына салынған инвестицияларды қорғау кепілдіктерін және құқықтық қорғалу деңгейін арттыру;

·       «ақылды» қаланы құру және қаланың экономикалық дамуы үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін, технологиялық инновацияларды, тәсілдер мен тәжірибелерді қолдану;

·       қала ортасын басқаруда озық реттеуші тәжірибелер мен жергілікті басқару тәжірибесін қолдану.

Арнайы заң жобасында қалада тиімді басқару жүйесін қалыптастыру, цифрлық және инновациялық технологияларды енгізу, заманауи халықаралық стандарттарды қолдану, сондай-ақ қала құрылысы, әлеуметтік, экологиялық және инвестициялық процестерді реттеу қарастырылған.

Толығырақ мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://www.zakon.kz/pravo/6502387-gorod-alatau-poluchit-spetsialnyy-status-razrabotan-zakonoproekt.html

Alatau City жобасы: Қанат Бозымбаев әлемнің жетекші сәулет бюроларының өкілдерімен кездесті

Алдыңғы мақала

Үлкен серпіліс: 2025 жылы Alatau City қандай жетістіктерге жетті

Келесі мақала