24.01.2026
Әділет
министрі Ерлан Сарсембаев Конституциялық комиссия отырысында кейбір аумақтарға
арнайы құқықтық режимдерді Негізгі Заңға енгізуді ұсынды деп хабарлайды
Kazpravda.kz.
Ол
Президенттің Жарлығымен Алатау қаласына алдыңғы қатарлы даму қаласы мәртебесі
берілгенін еске салды, ал кейін бұл мәртебені жеке конституциялық заңмен
рәсімдеу қарастырылуда. Мұндай тәсіл механизмді институционаландыруға және
құқықтық болжамдылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп атап өтті.
Сарсембаевтың
сөзінше:
– Арнайы
мәртебе өз құқықтық табиғаты бойынша жалпы құқықтық режимнен ерекшелік болып
табылады. Олар тек конституциялық негізі нақты бекітілген және заңмен айқын
белгіленген жағдайда, құқықтық мемлекет қағидаларын қатаң сақтаған кезде ғана
қолданылуы мүмкін. Сондықтан арнайы режимдерді қолданудың шектерін және
шарттарын конституциялық деңгейде бекіту принциптік мәнге ие.
Министр
атап өткендей, арнайы режимдерге қатысты нормалар мақсат, мазмұн, құралдар мен
қолдану мерзімдері бойынша қатаң шектелуі тиіс және мемлекеттік бақылаудың
тиімді механизмдерімен бірге жүруі қажет.
–
Конституция бұл жағдайда преференциялардың көзі емес, кез келген жалпы құқықтық
режимнен ауытқулардың нақты және негізделген сипатта болуын кепілдейтін құрал
болып табылады, – деді ол.