Алатау қаласында Iconic Towers зәулім ғимаратын қай компания салады

Оның құрылысы мамыр айында басталып, 2029–2030 жылдары аяқтау жоспарланып отыр.

Алатау қаласындағы Iconic Towers зәулім ғимаратының құрылысын бизнесмен Юрий Цхаймен байланысты Alatau City Iconic Complex компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы Forbes Kazakhstan редакциясының сұрауына жауап ретінде Алатау қаласы әкімдігі хабарлады.

Iconic Towers қашан салынады және қанша тұрады

Құрылыс 2026 жылдың мамыр айында басталады деп жоспарланған. Алдын ала ақпарат бойынша жобаны іске асыру мерзімі шамамен төрт жылды құрайды, яғни зәулім ғимарат 2029 жылдың соңы — 2030 жылдың басында пайдалануға берілуі тиіс. Әкімдіктің түсіндіруінше, қазіргі кезеңде жобаны алдын ала әзірлеу және жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

«Аталған жұмыстар жеке инвестициялар есебінен, сондай-ақ жеке инвесторға тиесілі жер учаскесінде жүзеге асырылуда. Жобаның девелопері — «Alatau City Iconic Complex» ЖШС», — деді қала әкімінің орынбасары Бориқан Әбдібаев.

eGov деректеріне сәйкес, Alatau City Iconic Complex ЖШС-і Alatau City Properties ЖШС-іне тиесілі. Соңғысының үш құрылтайшысы бар — Caspian Group (Юрий Цхайға тиесілі), Юрий Цхай және Alatau Development Holding Ltd компаниясы.

Бұған дейін айтылған мәліметтерге сәйкес, жобаға салынатын инвестициялар көлемі $800 млн-нан асады. Алайда жобаның түпкілікті құны мен оның қаланың инвестициялық бағдарламасындағы орны әзірге нақты анықталмаған, деп нақтылады әкім орынбасары Әбдібаев.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, құрылыс мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылмайды. Объект бойынша күрделі шығындардың негізгі бөлігі жеке инвестициялар есебінен қамтамасыз етіледі.

«Iconic Complex (ресми атауы Iconic Towers) зәулім ғимаратын салу жобасын іске асыру аясында мемлекеттің қатысуы инженерлік желілер мен көлік қолжетімділігін қоса алғанда, ілеспе инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қолайлы құқықтық және реттеуші ортаны қамтамасыз ету бөлігінде жүзеге асырылады», — деді вице-министр Бауыржан Омарбеков.

Толығырақ сілтеме бойынша:https://forbes-kz.cdn.ampproject.org/v/s/forbes.kz/articles/chya-kompaniya-postroit-neboskreb-iconic-towers-v-gorode alatau/amp?amp_gsa=1&amp_js_v=a9&usqp=mq331AQIUAKwASCAAgM%3D#amp_tf=Источник%3A%20%251%24s&aoh=17769860705367&referrer=https%3A%2F%2Fwww.google.com&ampshare=https%3A%2F%2Fforbes.kz%2Farticles%2Fchya-kompaniya-postroit-neboskreb-iconic-towers-v-gorode-alatau

Қазақстан АҚШ-пен инвестициялық диалогты Нью-Йорктегі Қазақстан Қаржы күні аясында дамытып жатыр

Алдыңғы мақала

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 78-НҚ нормативтік қаулысы

Келесі мақала