01.05.2026
Сотқа
заңды тексеру туралы өтінішпен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүгінді.
Қазақстан
Республикасының Конституциялық Соты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алатау
қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» заңның Конституцияға сәйкестігін
тексеру жөніндегі өтінішін қарады. Бұл туралы соттың ресми сайтында хабарланды.
Парламент
аталған заңды наурыз айының соңында қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына
ұсынған болатын.
«Конституциялық
заң Конституцияда белгіленген рәсімдерді сақтай отырып, Парламент палаталарының
бірлескен отырысында және оның құзыреті шегінде қабылданды. Заң нормалары
Алатау қаласының арнайы құқықтық режимінің мақсаттарын, міндеттері мен
қағидаттарын, мемлекеттік басқару органдарының жүйесін, оларды қалыптастыру
тәртібі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық
реттеу ерекшеліктері мен өтпелі ережелерді айқындайды», – делінген сот
қаулысында.
Соттың
атап өтуінше, жаңа Конституциядағы егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігі мен тәртіпті
қамтамасыз ету, сондай-ақ «жедел дамитын қала» үшін арнайы құқықтық режим
енгізу мүмкіндігі туралы ережелер осы конституциялық заңның негізі болып
табылады.
«Бұл
конституциялық ережелер Алатау қаласы әкімшілігі мен оның органдары қабылдайтын
және іске асыратын барлық нормативтік-құқықтық актілерде қатаң сақталуы тиіс»,
– деп көрсетілген қаулыда.
Сонымен
қатар, заңның алғашқы кезеңде күшіне енгізілетін өтпелі ережелері — бұрын
жасалған инвестициялық келісімшарттар, келісімдер және жер қойнауын пайдалану
лицензияларына қатысты нормалар құқықтық тұрақтылық пен айқындықты қамтамасыз
етуге бағытталғаны және қолданыстағы Конституцияға қайшы келмейтіні айтылды.
Толығырақ
сілтеме бойынша: https://informburo.kz/novosti/konstitucionnyi-sud-proveril-zakon-o-specialnom-pravovom-rezime-goroda-alatau