Үкіметте Alatau City-дің негізгі жобаларының жүзеге асырылу барысы қаралды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Алатау қаласы кеңесінің отырысында Мемлекет басшысының жаңа қаланы дамыту, арнайы құқықтық режимді жүзеге асыру, инфрақұрылымды жаңғырту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
Премьер-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City жобасын стратегиялық маңызы бар және болашақта елдің дамуын сапалы жаңа деңгейге шығаруға қабілетті деп айқындағанын атап өтті.
Инвестицияларды одан әрі тарту шеңберінде бірқатар жаңа ірі жобалар пысықталуда. Олардың қатарында тұрақты авиациялық отын және жасыл энергетика өндірісі саласындағы Full Vision Capital жобасы, KAIST ғылыми институтының филиалын ашу, логистика, деректерді өңдеу және цифрлық инфрақұрылым саласындағы CIMC жобалары, Sinomach жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешені бар. Қазақ-корей бірлескен инвестициялық қорын қалыптастыру, Hyundai Green Food өндірістік-логистикалық кешенін салу, Iconic Tower жобасына Lotte Hotels & Resorts брендін тарту, Doosan Enterbility-мен энергетиканы, Korea Airports Corporation-мен қалалық әуе ұтқырлығын, сондай-ақ Hyundai Motor Company-мен бірлесіп смарт-ұтқырлық пен сутегі технологияларын дамыту жөніндегі жекелеген уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін бизнесті дамыту, цифрлық активтер және басқа да мәселелерді реттейтін құжаттар топтамасын қабылдау жоспарланып отыр. ARUP Group және BCG халықаралық компанияларын тарта отырып, қаланы 2040 жылға дейін дамытудың стратегиялық мастер-жоспары және 2055 жылға дейінгі ұзақмерзімді жоспары әзірленуде.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Alatau City қаласының дамуындағы негізгі бағыттар бойынша жобаларды одан әрі практикалық жүзеге асыруды және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://primeminister.kz/news/ukimette-alatau-city-din-negizgi-zhobalarynyn-zhuzege-asyrylu-barysy-karaldy-31817

Алдыңғы мақала

Алматы облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бес мектеп ашылды

Келесі мақала