2027 жылға қарай Қазақстандағы 120 мыңнан астам үй шаруашылығын спутниктік интернетке қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Жоба Amazon Leo компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Осы мақсатта Ақкөл және Алатау қалаларында жерүсті станциялары салынып жатыр. Тағы бір станцияны Атырауда салу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді. Сонымен қатар елімізде талшықты-оптикалық инфрақұрылым кеңейтілуде.
Заманауи желілерге қосылған абоненттердің үлесі 64%-ға жетті. 1100-ден астам ауылға және 1700-ге жуық мемлекеттік нысанға, оның ішінде мектептер мен медициналық ұйымдарға жоғары жылдамдықты интернет тартылды. Салынған магистральдық желілердің жалпы ұзындығы 16 мың шақырымнан асты. Қазақстанның халықаралық цифрлық инфрақұрылымы да дамып келеді. Қазан айында Каспий теңізі арқылы өтетін ұзындығы 380 шақырымдық суасты байланыс желісі іске қосылды.
Бұдан бөлек, Қосшы қаласында суперкомпьютерді іске қосу жоспарлануда. Цифрландыруды жеделдету мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылды: атап айтқанда, байланыс қызметтерін базалық коммуналдық қызметтерге теңестіру, кабельдік желілерді зақымдағаны үшін жауапкершілікті күшейту және құрылыс салушыларды жаңа тұрғын үйлердің әрбір пәтеріне талшықты-оптикалық желі тартуға міндеттеу.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://24.kz/ru/news/social/807915-sputnikovyj-internet-pokroet-120-tysyach-kazakhstanskikh-domokhozyajstv