13.01.2023
Премьер-Министр Gate District
аумағындағы "Қоянқұс" тұрғын үй кешенінде болды. Жалпы ауданы 290 мың
шаршы метрден асатын 70-ке жуық көп пәтерлі үйдің құрылыс барысымен танысты.
Жұмыстың аяқталуы 2024 жылдың соңына дейін күтілуде.
G4 City даму тұжырымдамасына
сәйкес интеграцияланған қала төрт ауданнан тұрады: Gate-бизнес және қаржы
орталығы, Golden – білім беру және медициналық хабтар, Growing – өнеркәсіптік
және Логистикалық хабтар, Green – туристік кластер. Қазіргі уақытта Gate
District аумағында магистральдық инженерлік желілер жүргізіліп,
"Қоянқұс" тұрғын ауданының құрылысы басталды.
"Біз G4 City Жаңа Жібек
жолының бойында орналасқан экономикалық және туристік орталыққа айналатынына
сенімдіміз. Облыс әкімдігі жобаның әлеуметтік бағытына, ең алдымен қаладағы
өмір сапасына барынша көңіл бөлуі қажет", — деп тұжырымдады Үкімет басшысы.