Өз сөзінде Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов сингапурлық ірі компаниялар Қазақстанда өз қатысуын белсенді түрде кеңейтіп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, Үкімет басшысы Алматы облысында "G4 City" ауқымды жобасын іске асыруда Surbana Jurong-пен табысты әріптестікті, әлемге әйгілі Indorama өндірістік тобымен өзара іс-қимылды, сондай-ақ орта дәлізді дамытуды жеделдететін бірлескен кәсіпорын құру бойынша ҚТЖ мен PSA International арасындағы келісімнің маңыздылығын атап өтті.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://primeminister.kz/ru/news/dokumenty-na-275-mln-podpisany-po-itogam-kazakhstansko-singapurskogo-biznes-foruma-v-astane-24158