03.11.2023
Алматы облысы
мәслихатының депутаттары Талғар, Іле аудандары мен Қонаев қаласының кейбір елді
мекендерін жаңа ауданның пайдасына беру туралы шешімді мақұлдады, - деп
хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңадан құрылған ауданның
орталығы Алматы-Қонаев тас жолының бойында орналасқан G4 City қаласы болады.
Жұма күні мәслихат сессиясында «G4 City қаласының бас жоспарының жобасын бекіту
туралы» мәселе қаралды.
31 елді мекенді қалаға
беру туралы шешімді депутаттар бірауыздан мақұлдады. Оның 13-і Талғар
ауданында, 16-сы Іле ауданында және екеуі Қонаев ауылдық елді мекендері.
Ауданның жалпы аумағы 100
мың гектардан асады (Іле ауданынан 73 416 гектар, Талғар ауданынан 33 836
гектар және Қонаев қалалық әкімшілігінен 11 345 гектар жер беріледі.)
Толығырақ сілтеме
бойынша: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/novyiy-gorod-poyavitsya-bliz-almatyi-chto-o-nem-izvestno-515795/