26.12.2023
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1187 қаулысы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің "G4 City" арнайы экономикалық аймағын құру туралы"
2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 және "Алматы облысының Қонаев қаласын
әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді
жоспарын бекіту туралы" 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулыларына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "G4 City"
арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысында:
тақырып мынадай
редакцияда жазылсын:
"Alatau" арнайы
экономикалық аймағын құру туралы";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда
жазылсын:
"1. 2048 жылға дейінгі кезеңге
"Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Alatau"
АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) "Alatau" АЭА
туралы ереже;
2) "Alatau" АЭА
нысаналы индикаторлары бекітілсін".";
көрсетілген қаулымен
бекітілген "G4 City" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы
қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен
бекітілген "G4 City" арнайы экономикалық аймағының нысаналы
индикаторларында:
тақырып мынадай редакцияда
жазылсын:
"Alatau" арнайы
экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары";
2) "Алматы облысының
Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған
кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023
жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулысында:
көрсетілген қаулымен
бекітілген Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың
2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында:
он бірінші абзац мынадай
редакцияда жазылсын:
"Заречный ауылында
"Alatau" арнайы экономикалық аймағы құрылды, оның құрамына ауданы
1300 га "Арна" өнеркәсіптік аймағының аумағы кірді, онда машина
жасау, металлургия, құрылыс индустриясы және тамақ өнеркәсібі салаларында
жоғары технологиялы жобалар іске асырылатын болады.";
кестенің 5-жолындағы
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Alatau" арнайы экономикалық аймағын
іске асыру шеңберінде Алматы облысының Қонаев қаласындағы Арна ауылы ауданында
инженерлік инфрақұрылымды жеткізу.".
2. Осы қаулы қол қойылған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулыға сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300001187