Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Мемлекет басшысына облыстың биылғы қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндалды.

Кездесу барысында облыс орталығы Қонаевты, жаңадан құрылған Алатау қаласын және тұтас агломерацияны дамыту перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысына қала құрылысына қатысты құжаттаманы әзірлеу және бекіту жұмыстарының аралық нәтижесі таныстырылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың стратегиялық даму жоспарын орындауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ Alatau City жобасын жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторлармен қарым-қатынасты жандандыруды тапсырды.

Толығырақ сілтемеде: Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Президенті корей компанияларын Alatau City қаласын салысуға шақырды

Алдыңғы мақала

Қостанай облысындағы инвесторларға экономикалық әлеует ұсынылды

Келесі мақала