03.10.2024
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 23-тармағына сәйкес және Алатау қаласын кешенді дамыту мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Алматы облысының Алатау қаласын дамыту мәселесі бойынша жобалық офис (бұдан әрі – Жобалық офис) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Жобалық офис туралы ереже бекітілсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.
Премьер-Министр О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 3 қазандағы
№ 143-ө өкіміне қосымша
Толығырақ сілтемеде: Алматы облысының Алатау қаласын дамыту мәселесі бойынша жобалық офис құру туралы - "Әділет" АҚЖ