04.10.2024
Алматы
облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы
«Қазақстан
Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес шегіне жалпы ауданы 88000 гектар Алматы облысының
Қонаев қаласы, Іле және Талғар аудандары жерінің бір бөлігін енгізе отырып,
Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы «Алматы облысы
Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» Алматы облыстық
мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 26-135 бірлескен шешіміне және Алматы
облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 299 қаулысына келісім берілсін.
2.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі О.
Бектенов
Толығырақ сілтемеде: https://primeminister.kz/decisions/04102024-818