Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды

Үкіметте Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесінің бірінші отырысы өтті, оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарды.

«Мемлекет басшысы Алатау қаласын құру қарқынын жеделдету міндетін қойды. Осы аптада Премьер-Министрдің өкімімен Жобалау кеңсесі құрылды. Ол жетекшілік ететін салалар бойынша дербес жауапкершілікті айқындай отырып, жобалық тәсіл негізінде негізгі шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады. Қаланы құрудың алғашқы нәтижелері дәл 6 айдан кейін ұсынылуы керек. Бастапқы мәре – бүгін», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

 Жобалау кеңсесі отырысына қатысушылар заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және инвесторлар тарту рәсімдерін жеңілдету сынды негізгі жұмыс бағыттарын анықтады.

Толығырақ сілтемеде: Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы №818 қаулысы

Алдыңғы мақала

Қытай даму институтымен Alatau арнайы экономикалық аймағы бойынша ынтымақтастық орнатылады

Келесі мақала