28.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының
2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп
берілді.
Марат Сұлтанғазиев экономиканың негізгі секторларында
өсім байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9
миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 миллиард теңгені құраған. Шағын
және орта бизнес субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан..
Мемлекет басшысына Қонаев және Алатау
қалаларын дамыту барысы жөнінде айтылды. Жаңа бас жоспарға сәйкес, облыс
орталығында «Smart Qonaev» қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілуде. Алатау
қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды
жобалау жұмыстары басталды.
Толығырақ
сілтеме бойынша: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-almaty-oblysynyn-akimi-marat-sultangazievti-kabyldady-2834320