06.03.2025
Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына
инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау
шеңберінде Үкімет қалыптасқан мәселелерді жедел шешу және инвестициялық
жобаларды уақтылы іске қосу үшін бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды нығайтты.
Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық China
CAMC Engineering Co., Ltd. (CAMCE) компаниясының президенті Ли Хайсинмен
кездесу өткізді.
China CAMC Engineering Co., Ltd. – 60-тан астам елде
инфрақұрылымды, өнеркәсіпті және энергетиканы дамыту салаларында кешенді
EPC-жобаларды іске асыратын және Қытайдың Sinomach Group (China National
Machinery Industry Corporation) машина жасау жөніндегі ірі мемлекеттік
конгломератының құрамына кіретін жетекші халықаралық инжинирингтік компания.
Компания президенті Ли Хайсин Алатау қаласының
көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын дамыту саласындағы
инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары туралы бірқатар ұсыныстарды
айтты. «Орта дәлізді» дамыту аясындағы ынтымақтастыққа назар аударылды.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://primeminister.kz/news/olzhas-bektenov-camce-kompaniyasynyn-basshysy-li-khaysinmen-alatau-kalasynda-investitsiyalyk-zhobalardy-iske-asyru-keleshegin-talkylady-29777