11.07.2025
Бұған
дейін банктің иесі Ғалымжан Есенов болған.
Kaspi.kz
компаниясының тең иесі Вячеслав Ким өзінің бұрынғы иесі Ғалымжан Есеновтен
Alatau City Bank (бұрынғы атауы — Jusan Bank) акцияларының 100%-ын сатып алу
жөніндегі мәмілені аяқтады. Бұл туралы 11 шілдеде қаржы институтының баспасөз
қызметі Forbes Kazakhstan-ға хабарлады.
2025
жылғы ең бай бизнесмендер рейтингінде 560 млн долларлық байлығымен 19-орынға ие
болған Ғалымжан Есенов бұған дейін Jusan Bank-тің 19,67%-ын тікелей, ал
78,11%-ын "First Heartland Securities" АҚ арқылы иеленіп келген.
«Alatau
City Bank-ті сатып алу — мен үшін маңызды қадам. Осы банк негізінде
қазақстандық нарық үшін мүлде жаңа қаржы институтын құруды жоспарлап отырмын.
Соңғы екі жылда атқарған керемет жұмысы үшін банк менеджментіне алғыс айтамын.
Біз үздік әзірлемелерді сақтап, технологиялық дамуды жеделдетуге басымдық
берсек, табысқа жететінімізге сенімдімін», — деді Вячеслав Ким.
Айта
кетейік, Вячеслав Ким 30 мамырда Jusan Bank-тің бақылау пакетіне ие болу үшін
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен рұқсат алған болатын.
Ал
бұған дейін, 28 мамырда Jusan Bank акционердің ауысуын күтпестен, өзінің жаңа
атауы — Alatau City Bank екенін және жаңа логотипін жариялады. Бұл ретте банк
баспасөз қызметі түсіндіргендей: «Жаңа атау Alatau City — болашақтың қаласын
құру жөніндегі мегажобадан шабытпен таңдалды. Сондай-ақ, Alatau City Bank осы
жаһандық жобаға қатысуды жоспарлап отыр». Банк Алматы қаласындағы бас
кеңсесінің заңды мекенжайын өзгертпейді.
16
маусымда Jusan Bank мемлекеттік қайта тіркеу рәсімін аяқтап, ресми түрде Alatau
City Bank болып өзгертілді.
Толық
ақпарат сілтеме бойынша: https://forbes.kz/articles/vyacheslav-kim-zavershil-sdelku-popriobreteniyu-100-aktsiy-alatau-city-bank-5e6eaa