Алматы метрополитенін Алатау қаласына дейін ұзартқысы келеді

Мемлекеттік сатып алу сайтында метрополитеннің үшінші желісін салу үшін техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) дайындау туралы екі хабарландыру орналастырылған. Жобаны кезең — кезеңімен іске асыру жоспарлануда: Бірінші кезең — Алатау қаласынан Мизам базарына дейін, екіншісі - Мизам базарынан Сайран станциясына дейін, деп жазады Kazinform.

Тапсырыс беруші Алматы қалалық мобильділік басқармасы болып табылады. Жобалауды бастау үшін қала әкімдігінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі қаулысы негіз болды.

Бірінші учаске бойынша құжаттаманы әзірлеуге 1,3 млрд теңге (1 351 054 778), Екінші учаске бойынша — 896 млн теңге (896 459 961) бөлінді. Екі жоба бойынша ашық конкурстар ағымдағы жылдың 11-18 маусымы аралығында өтеді. Жұмыстарды орындау мерзімі - 2026 жылғы 31 мамырға дейін.

Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Алатау қаласынан Мизам базарына дейінгі учаскеде 7 станция салу жоспарлануда:

№ 1 Станция - Gate City маңында, солтүстік көлік торабының аумағында;

№ 2 Станция - Кемел шағын ауданының жанында;

№ 3 Станция - Солтүстік айналма жол мен Боралдай көшесінің қиылысында;

№ 4 Станция - Солтүстік айналма жолдың бойындағы сауда жолағы қиылысы;

№ 5 Станция - Солтүстік айналма жолдың бойында, әскери бөлімнің жанында;

№ 6 Станция - Кенжехан базарының жанында;

№ 7 Станция - Мизам базарының аумағында.

Сондай-ақ, солтүстік көлік торабының солтүстігінде орналасқан электродепоға дейінгі желі қарастырылған.

Толығырақ сілтеме бойынша: https://forbes.kz/articles/metro-almaty-hotyat-prodlit-do-goroda-alatau-de20ad

Неліктен Қазақстанға жаңа қала қажет: Alatau city басты функциясы аталды

Алдыңғы мақала

Келесі мақала