Alatau City-ге ерекше назар – Тоқаев жаңа қалаға жеке мәртебе берілетінін мәлімдеді

Қытайдың цифрландыру саласындағы бүкіл әлем мойындаған жетістіктерін жоғары бағалаған Мемлекет басшысы бұл бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстан билігі Alatau City жобасына айрықша көңіл бөлетінін жеткізді.

"Біз ерекше назарды жаңа Alatau City қаласын салу жобасына аударып отырмыз. Ол инновациялар, криптоиндустрия мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуда елдік және өңірлік ауқымдағы қуатты орталыққа айналуға тиіс. Осыған байланысты Қазақстан қытайлық компаниялармен тығыз ынтымақтастыққа үміт артады. Қазақстан мен China State Construction Engineering Corporation арасындағы бүгінгі келісімнің жасалуын толық қолдаймын. Құрылысты еш кідіріссіз бастау қажет деп есептеймін. Жақын арада Alatau City дербес экожүйе мәртебесіне ие болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Alatau City – бұл Алматы облысында жаңа заманауи қаланы салуға бағытталған ауқымды флагмандық жоба. Ол "болашақ қаласы" ретінде қарастырылып, халықаралық бизнес-хаб ретінде инновацияларға, тұрақтылыққа және жоғары экологиялық стандарттарға басымдық береді. Жоба экономиканы әртараптандыруға, шетелдік инвестиция тартуға және шекарааралық дәліздерге жақын орналасуын ескере отырып, логистиканы дамытуға бағытталған.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын Президент Alatau City жобасының келешегін Сингапурдың белгілі сарапшысымен талқылаған болатын. Мемлекет басшысы сондай-ақ оңтүстіккореялық инвесторларды да Alatau City жобасына қатысуға шақырды.

Толығырақ сілтемеде: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/osoboe-vnimanie-alatau-city-tokaev-anonsiroval-otdelnyiy-579558/

Мемлекет басшысы Қазақ-Қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысында сөз сөйледі

Алдыңғы мақала

Қытайдың ірі құрылыс корпорациясы Alatau City жобасына қатысады

Келесі мақала