02.09.2025
Қытай Мемлекеттік кеңесінің бірінші
вице-премьері, ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин
Сюэсянь қатысқан қазақ-қытай Іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы барысында
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Alatau City қаласын
салу жобасына ерекше назар аударды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен China State
Construction Engineering Corporation (CSCEC) арасындағы келісімнің
жасалуын толық қолдайтынын атап өтіп, құрылысты кідіріссіз бастауды тапсырды.
Сондай-ақ, жақын арада Alatau City дербес экожүйе мәртебесіне ие
болатынын айтты.
Бейжіңде Қазақстан Ұлттық банкінің «Ұлттық
инвестициялық корпорациясы» АҚ, «Caspian Group» АҚ және CSCEC International
Construction Corporation Ltd (Қытайдың ең ірі құрылыс
корпорациясының еншілес компаниясы) арасында үшжақты рамалық келісімге қол
қойылды.
CSCEC – Қытайдағы ең ірі әрі
әлемдегі ең алпауыт құрылыс корпорацияларының бірі. 1957 жылы құрылған,
штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Компания тұрғын үй, кеңсе, қонақүй, спорттық,
білім беру, медициналық және өнеркәсіптік нысандарды, көрме және конференция
орталықтарын, сондай-ақ инфрақұрылымдық объектілерді (әуежайлар, жолдар,
көпірлер, бөгеттер, желдету жүйелері) салумен, инвестиция және жылжымайтын
мүлікті басқарумен айналысады. Компания табысының едәуір бөлігі халықаралық
келісімшарттардан түседі.
Толығырақ сілтемеде: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/krupneyshaya-stroitelnaya-kompaniya-kitaya-primet-uchastie-579577/amp/