Оңтүстік Кореяның Alatau City жобасына реакциясы

15 қазан күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоу барысында Alatau City жобасын таныстырды. Бұл бастама мен Қазақстан мен Корея арасындағы ықтимал ынтымақтастық тақырыбы оңтүстіккореялық БАҚ-та үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Сирек металдардан жасанды интеллектке дейін

Еске сала кетсек, Қанат Бозымбаев Alatau Rise With Kazakhstan форумының ашылуына қатысып, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа Алатау қаласы жобасын ұсынды.

Alatau City – болашақта технологиялық компаниялар мен экспортқа бағытталған өндірістердің орталығы ретінде қарастырылып отыр. Қала әуе урбанистикасы (urban air mobility) мен сутегі экономикасы сияқты жаңа бағыттарда ынталандыру бағдарламаларын ұсынбақ. Бұл салаларда Қазақстан мен Корея бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.

Форум барысында Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореямен серіктестіктің әлеуетін атап өтті: «Электроника, жаңартылатын энергия, медицина, білім және қалалық цифрландыру салаларында корей компанияларымен бірлесіп жұмыс істеудің үлкен мүмкіндіктері бар», – деді ол.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 800-ден астам корей компаниясы табысты жұмыс істеп келеді. Олар энергетика, құрылыс, қаржы, денсаулық сақтау, автокөлік және жоғары технологиялар салаларын қамтиды. 2024 жылы Оңтүстік Корея Қазақстанның 10-шы ірі сауда серіктесіне айналып, инвестиция көлемі бойынша 3-орынға шықты.

«Біз корей өнеркәсіптік және энергетикалық компанияларымен бірлескен жобаларды кеңейтуге мүдделіміз, өзара тиімді серіктестікке ашықпыз және сіздерді «ұлттық маңызы» бар Alatau City жобасына қатысуға шақырамыз», – деді Қанат Бозымбаев.

Толық сілтемеде: https://www.inform.kz/ru/kak-yuzhnaya-koreya-otreagirovala-na-proekt-alatau-city-7eb0a7

Alatau City жобасы Оңтүстік Кореяда таныстырылды

Алдыңғы мақала

Келесі мақала