Alatau City жобасының бас консультанты, Asia Infrastructure Solutions компаниясының төрағасы Вонг Хеанг Файн 24KZ каналына сұхбат берді

Вонг Хеанг Файн – Alatau City жобасының бас консультанты, Asia Infrastructure Solutions компаниясының төрағасы, Азиядағы Global Infrastructure Solutions консультативтік кеңесінің мүшесі.

Сингапурда танымал, құрылыс, даму және инженерлік консалтинг саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы урбанистика мен тұрақты даму саласында жүйелі өзгерістер енгізген жетекші инженерлердің бірі, 24KZ каналына жаңа Алатау қаласы жобасының стратегиялық мақсаттары, халықаралық қызығушылығы және іске асу барысы туралы сұхбат берді.

– Жеке мотивацияңыз не болды, не үшін Алатау Сити жобасына қосылдыңыз?
– Мұндай жобалар шынымен сирек кездеседі, сол себептен олар ерекше бағалы. Алатау Сити тек жаңа тұрғын аудан немесе бизнес кластер салатын урбанистикалық жоба ғана емес, әлдеқайда үлкен. Мұнда
толығымен жаңа қала құру туралы сөз болып отыр, ол бүкіл ел экономикасын трансформациялай алады, өмір сапасының жаңа стандарттарын белгілеп, жаңа жұмыс орындары, кәсіпкерлік пен инновациялық даму мүмкіндіктерін ашады. Бұл жоба жер бетінде ғана салынбайды, ол болашақты салады. Осындай трансформацияның бір бөлігі болу шынымен шабыттандырады, – деді Вонг мырза.

– Президент Тоқаев сіздің бас консультант ретінде берген ұсыныстарыңыздың практикалық іске асатынына сенім білдірді. Сіздің ойыңызша, мемлекеттің қолдауы жобаның беделіне және халықаралық танымалдығына қалай әсер етеді?
– Мемлекет басшысының қолдауы, әсіресе жүйелі трансформациялар кезінде,
негізгі рөл атқарады. Алатау Сити жобасы қазіргі әкімшілік және экономикалық модельге сай емес жаңа шешімдерді қажет етеді. Біз кейбір ережелерді қайта қарау, инвестициялық климатты бейімдеу, жаңа ынталандыруларды құру қажеттігіне тап боламыз. Президенттің тағайындауы мен қатысуы ішкі және сыртқы сенімділікті береді, әсіресе тұрақтылық пен ең жоғарғы деңгейдегі қолдауды маңызды фактор ретінде бағалайтын әлеуетті инвесторларға, – деді Вонг мырза.

Толығырақ сұхбатты қарау: https://www.youtube.com/watch?v=N9DTU6dq2_w

Қазақстан Алатау жобасын өңірдің жаңа инвестициялық хабы ретінде таныстырды

Алдыңғы мақала

Юрий Цхай: Alatau City жеке қаржы есебінен салынады

Келесі мақала