Қанат Бозымбаев Alatau City жобасының даму барысымен танысты

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Alatau City мегажобасының төрт негізгі аймағы – Gate, Golden, Growing және Green аудандарындағы құрылысқа дайындық жұмыстарын тексеріп, бірқатар тапсырмалар берді.

Әр ауданның өзіндік бағыты бар: өнеркәсіптік-логистикалық және іскерлік орталықтан бастап, ғылыми-білім беру және туристік кластерлерге дейін.

Gate District – Өтеген батыр, Покровка, Қоянқұс, Ынтымақ және Жаңалық елді мекендерінің арасында орналасқан. Мұнда PepsiCo, Caspian Group, Алматы желдеткіш зауыты сияқты ірі жобалар жүзеге асуда. Ауданның басты орталығы – Iconic Building-1 Халықаралық бизнес дамыту орталығы болмақ. Қанат Бозымбаев бұл ғимараттың құрылысын жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, нысан Alatau City жобасының ресми бастамасының символына айналады.

Golden District – Кіші Алматы және Қаскелең өзендерінің арасындағы тасжол бойында орналасқан. Бұл аймақ ғылым, білім және медицина орталығы ретінде дамытылады. Мұнда K-Park мәдени-бизнес кешені, халықаралық білім беру орталығы, заманауи академқалашық және көпсалалы медициналық кластер салынады. Сондай-ақ Hyundai Green Food Almaty және Mars компанияларының жобалары жүзеге асырылмақ.

Growing District – Алматы – Қапшағай автожолы бойында және Жетіген – Қазыбек теміржолы маңында орналасқан. Бұл аймақ экспортқа бағытталған өндірістік және логистикалық орталық ретінде дамиды. Көлік дәліздерінің тоғысында және әуежайға жақын орналасуы экологиялық таза өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді. Қанат Бозымбаев халықаралық Rhenus Logistics компаниясының басшылығымен кездесіп, көлік-өндірістік хаб құру бойынша келіссөздер жүргізді.

Green District – аумағы 31 730 гектарды қамтиды. Қапшағай су қоймасы, Қаскелең өзені және Қонаев қаласымен шектеседі. Мұнда курорттық аймақтар, саябақтар салынып, Формула-1 жарыс трассасы мен Iconic Building-2 туристік орталығы бой көтереді. Бұл аймақ Алматы агломерациясының басты туристік және демалыс орталығына айналады.

Толығырақ сілтемеде: https://primeminister.kz/news/kanat-bozymbaev-alatau-city-zobasynyn-damu-barysymen-tanysty-30562

Алатау озыңқы дамушы қала ретінде арнайы мәртебеге ие болды

Алдыңғы мақала

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасын таныстырды

Келесі мақала