15.10.2025
Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum өтіп
жатыр. Форумның
ашылуына Қанат Бозымбаев қатысып, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа
Алатаu City жобасын таныстырды.
Қазақстан тарапынан форумға Alatau City
дамыту кеңесінің мүшелері – Caspian Group төрағасы Юрий Цхай және жобаның
инвестициялық серіктесі Alatau City Bank-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким
қатысты.
Roadshow аясында Қазақстан мен Корея
Республикасының мемлекеттік және іскер құрылымдары арасында өзара түсіністік
туралы бірқатар меморандумға қол қойылды. Меморандумдарға келесі тараптар: ҚР
Энергетика министрлігі мен GGGI (Global Green Growth Institute); ҚР Көлік
министрлігі, Korea Airports Corporation (KAC) және AAAG; Алматы облысының
әкімдігі мен RETD компаниясы қол қойды.
Сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім
министрлігі, Кореяның ғылым және технологиялар институты (KAIST) және Alatau
City Bank арасында Қазақстанда жаңа университет құру және дамыту саласында
ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-сапар барысында Қанат Бозымбаев Ұлттық
жиналыстың депутаты Пак Хон Гынмен, Ұлттық Ассамблея мүшесі Мэн Сон Гюмен,
Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Ким Джунг Кванмен, Кореяның
халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) төрағасы Юн Джин Сикпен және Young
Business Leaders Network басшылығымен келіссөздер жүргізді.
Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. 2024 жылы Корея Республикасы Қазақстанның негізгі сауда серіктестері арасында 10-орынға, ал инвестициялар көлемі бойынша 3-орынға шықты. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және екі елдің мүдделеріне сай жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді.
Толығырақ сілтемеде: https://primeminister.kz/news/premer-ministrdin-orynbasary-kanat-bozymbaev-ontustik-koreiada-otken-roud-souda-alatau-city-zobasyn-tanystyrdy-30617