11.02.2026
Tengrinews.kz
Alatau City-дегі әлемдік деңгейдегі алғашқы зәулім ғимарат - Iconic Towers
жобасының эксклюзив кадрларын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Iconic
Towers - футуристік кешен. Ол Alatau City-де ғана емес, Алматы облысы мен
Қазақстанның оңтүстігіндегі ең биік ғимарат болмақ. Биіктігі 272 метр болатын
жоба қазіргі Алматы рекордсмені саналатын Esentai Tower-ден (162 метр) шамамен
110 метрге биік болады.
Жоба
біртұтас ірі подиумға біріктірілген екі түрлі мұнарадан тұрады. Ең биік нүктесі
- 56 қабатты мұнара, мұнда А кластағы кеңселер мен заманауи апартаменттер
орналасады. Ал биіктігі 80 метр болатын екінші мұнара халықаралық деңгейдегі
бес жұлдызды қонақүй болмақ.
Ғимараттың
жалпы аумағы - 276,8 мың шаршы метр. Зәулім ғимараттың төменгі бөлігінде
ауданы 58 мың шаршы метр болатын мәдени кеңістіктер мен сауда-ойын-сауық
орталығы орналасатын үш қабатты подиум салынады.
Iconic
Towers жобасы "вертикалды қала" тұжырымдамасына негізделген. Бұл бір
кеңістік ішінде мыңдаған қызметкер мен тұрғынның автономды өмір сүруіне жағдай
жасайды. Сонымен қатар, кешен ішіндегі тұрғын, іскерлік және қонақүй аймақтары
бір-бірінен толық оқшауланады.
Жобаның
сырт келбеті әлемдік сәулет саласындағы екі ірі компания - ұлыбританиялық Zaha
Hadid Architects пен америкалық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) ұсынған
дизайн тұжырымдамалары арасынан таңдалған.
Skidmore,
Owings & Merrill (SOM) - әлемдегі ең биік ғимарат
"Бурдж-Халифаның" авторлары. Компания портфелінде Нью-Йорктегі One
World Trade Center ("Еркіндік мұнарасы"), Чикагодағы Sears Tower,
Жиддадағы Ұлттық коммерциялық банк мұнарасы секілді нысандар бар. Кейінгі
жобаларының бірі - 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына арналған Италиядағы
олимпиада ауылы.
Ақыр
аяғында америкалық компанияның жобасы бекітілген.
270
мың шаршы метрлік күрделі нысанды жүзеге асыру үшін сапаны жоғалтпай жоғары
қарқынмен жұмыс істей алатын мердігер қажет.
2025
жылғы қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары
барысында негізгі құрылыс компаниясы ретінде әлемдегі алпауыттардың бірі China
State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясы таңдалғаны
белгілі болды. CSCEC - әлемдік жетекші компания, Қытайдағы зәулім ғимараттардың
90 пайызын салған. Оның жобалары қатарында Нью-Йорктегі БҰҰ штаб пәтері,
Гонконг әуежайы және Бейжіңдегі Ұлттық стадион ("Құс ұясы") бар.
Толығырақ
сілтеме бойынша: https://massaget.kz/photoreps/472