10.02.2026
Жедел
даму жолына түскен Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы
болуға тиіс. Бұл – Smart City қағидатына сәйкес барлық салаға озық инновациялар
енгізу, жасанды интеллекті мен цифрлық технологияны қолдану деген сөз. Онда
капитал тарту үшін теңдесі жоқ жағдай жасалып, жаңа, батыл шешімдер қабылдауға
мүмкіндік беретін үздік реттеу режимін қалыптастыру қажет.
Осы
маңызды мәселе бойынша менің тапсырмаммен Конституциялық заң әзірленіп,
Парламенттің қарауына ұсынылды.
Бұл –
еліміз үшін бірегей жоба. Сондықтан Үкімет оның басы артық бюрократиясыз,
кідіріссіз әрі сапалы дамуын қамтамасыз етуі керек.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-ukimettin-keneytilgen-otyrysynda-soylegen-sozi-1014123