20.03.2026
Парламент депутаттары
"Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі.
Парламент Алатаудың арнайы мәртебесі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұған дейін заң жобасының негізгі нормалары туралы премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндаған болатын.
Мәжілісмен Нұртай Сабильянов атап өткендей, аталған заң жобасы бойынша Парламент палаталарының депутаттары мен комитеттерінен
527 ұсыныс түсті.
Депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын арнайы құқықтық режимді енгізуді көздейтін жаңа Конституцияның ережелеріне сәйкес келтіру жөнінде түзетулер енгізді.
Бұдан басқа, заң жобасының мыналарға бағытталған нормалары нақтыланады:
* Алатау қаласы әкімшілігінің және ол құратын органдардың құқықтық жағдайын регламенттеу;
* қайталануды болдырмау үшін Алатау әкімшілігі, әкімдігі және мәслихаты арасында құзыреттерді бөлу;
* Алатау қаласында цифрлық өзара іс-қимылды және қызмет көрсетуді күшейту.
Ұсынылған түзетулер:
* Заңмен реттелетін құқықтық қатынастар салаларын нақтылау және Алатау қаласының арнайы құқықтық режимде жұмыс істеу қағидаттарын нақтылау бойынша;
* әкімшіліктің, әкімшіліктің лауазымды адамдарының (әкімшіліктің бас атқарушы директоры мен қызметшілерінің, сондай-ақ Алатау қаласы әкімінің және оның орынбасарларының жауапкершілігін енгізу бойынша.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.inform.kz/ru/parlament-v-pervom-chtenii-odobril-zakonoproekt-o-spetsialnom-statuse-alatau-3a1ebb