20.03.2026
Алатаудың жаңа қаласын басқару үшін Қазақстан Премьер-Министрі басқаратын жеке Мемлекеттік орган құрылатын болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды
kazinform агенттігінің тілшісі.
- Alatau City Authority стратегиялық дамуға негізделген жаңа мемлекеттік орган ретінде құрылуда. Оның қызметін Премьер-Министр басқаратын кеңес анықтайды. Ағымдағы жұмысты Бас атқарушы директор жүзеге асырады,- деді вице-премьер.
Кеңес негізгі стратегиялық шешімдер қабылдайды және әкімшілік актілерді бекітеді. Мәслихат пен әкімдік әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелерге жауапты болады.
Сонымен қатар,
Alatau City Authority республикалық бюджеттік бағдарламалардың дербес әкімшісі болады.
— Оның бюджеті республикалық бюджет құрамында блоктық бюджеттеу қағидаты бойынша қалыптастырылады және негізінен инфрақұрылымды дамытуға және ұзақ мерзімді жобаларды қолдауға бағытталған. Өз кезегінде жобаларды іріктеу және қаржыландыру тәртібін Кеңес бекітетін болады. Қаланың жергілікті бюджеті ағымдағы және әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Алатаудың бюджеттік өзін — өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізгенге дейін қала бюджетінен басқа бюджеттерге қаражат алуға жол берілмейді, - деді Қанат Бозымбаев.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.inform.kz/ru/alatau-city-authority-noviy-gosorgan-sozdadut-dlya-upravleniya-gorodom-9d6f0e