Президенттің елімізді авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: Үкімет инфрақұрылымды, сервис пен техниканы жаңарту бойынша жұмысты күшейтеді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды. Жиында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, көлік вице-министрі Гүлзат Көбенова, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Майкл Дэниел, сондай-ақ Air Astana, TransInfoTech компанияларының, Жалпы мақсаттағы авиация пилоттары қауымдастығының және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау және Қостанай облыстары әкімдіктерінің басшылығы баяндама жасады.

Премьер-министр Мемлекет басшысы еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Тиісті ведомствоға жаңа халықаралық бағыттарды, атап айтқанда, Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ-қа рейстер ашу жұмысын жеделдету қажеттігі, сондай-ақ билет бағасы бәсекеге қабілетті болуы тиіс екені айтылды.

Астанадан ұшатын   халықаралық әуе бағыттарына   ерекше назар аударған жөн. Осыған орай Көлік министрлігіне Air Astana компаниясымен бірге осы жылдың соңына дейін   елордамыздан Токио мен Нью-Йоркке, ал 2027 жылы – Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің астаналары мен басқа да қалаларына тікелей әуе қатынастарын ашу тапсырылды. Премьер-министр инвесторлар мен туристер тартуда бұл өте маңызды мәселе екенін атап өтті.

Аэро-такси, дрондар мен басқа да ұшу аппараттарының жаңа түрлерін  іске қосуға дайын болу керек. Көлік министрлігі биылғы маусым айының соңына дейін   қалалық әуе ұтқырлығы (UAM) мәселелері бойынша қажетті заңнамалық түзетулерді қабылдауды қамтамасыз етуі керек.

Толығырақ сілтеме бойынша: https://primeminister.kz/news/prezidenttin-kazakstandy-aviaciialyk-xabka-ainaldyru-zonindegi-tapsyrmasyn-zuzege-asyru-ukimet-infrakurylymdy-servis-pen-texnikany-zanartu-boiynsa-zumysty-kuseitedi-31393

Алатау қаласында аэротаксидің алғашқы сынақтары басталды

Алдыңғы мақала

Қанат Бозымбаев жаңа Алатау қаласында жер қалай берілетінін түсіндірді

Келесі мақала