Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды.

Қазіргі кезде қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы қолға алынған. Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.

Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда «жайлы мектеп» бой көтеріп, «Маревен Фуд Тянь-Шань», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады.

Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады. Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтермек.

Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-alatau-kalasyn-damytudyn-barysymen-tanysty-255336

Алдыңғы мақала

Келесі мақала