Шэньчжэнь тәжірибесі – ойланбай түрде көшірудің үлгісі емес, тиімділігін дәлелдеген қағидаттардың жиынтығы

Бұл туралы Alatau City Roadshow in China форумында Қаланы дамыту жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Вонг Хэн Файн мәлімдеді.
Оның айтуынша, негізгі қағидаттардың бірі – экономикалық өсудің практикалық моделі.
Өз уақытында Шэньчжэнь инвесторларға түсінікті саясат пен артық бюрократиялық кедергілерден ада басқару жүйесіне негізделген арнайы экономикалық аймақ ретінде қалыптасқан болатын.
Спикердің сөзінше, ауқымды реформаларды бастау үшін бүкіл ел бойынша өзгерістер енгізу міндетті емес. Белгілі бір аумақта әкімшілік тосқауылдарды жойып, сенімді инфрақұрылым қалыптастырып және капитал тарту жеткілікті.
Бүгінде Алатау Қазақстан үшін дәл осындай қарқынды дамудың және экономикалық өсудің жаңа нүктесіне айналып келеді.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.instagram.com/reels/DZZieGJOnSZ/

Алдыңғы мақала

«Алатау қаласы – бұл 100% токенизация мен толық цифрландыруға негізделген, әлемнің түкпір-түкпірінен инвесторларға ашық CryptoCity», – деп мәлімдеді Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Шэньчжэнь қаласында өткен роуд-шоу барысында

Келесі мақала