10.07.2026
Alatau City Bank Қазақстандағы жетекші Binance блокчейн-экожүйесінің жергілікті лицензияланған компаниясы Binance Kazakhstan-мен бірлесіп Crypto Pay (powered by Binance Pay) сервисін іске қосты. Жаңа сервис Binance Kazakhstan пайдаланушыларына Alatau City Bank эквайринг желісіндегі QR-кодтар мен POS-терминалдар арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын криптовалютамен төлеуге мүмкіндік береді.
Бұл шешім цифрлық активтерді күнделікті өмірде пайдалануды дәстүрлі қолма-қол ақшасыз төлемдер сияқты қарапайым әрі ыңғайлы етеді.
Жоба Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеушілік құмсалғышы аясында іске асырылды. Бұл инновациялық қаржылық шешімдерді реттеушінің бақылауымен енгізуге, сондай-ақ қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкестікті сақтауға мүмкіндік береді.
Аталған сервис алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Alem.AI жасанды интеллект орталығына жасаған жұмыс сапары барысында таныстырылған болатын. Бүгінде жоба технологияны таныстыру кезеңінен толыққанды іске асыру кезеңіне өтіп, пайдаланушыларға цифрлық активтерді күнделікті сатып алулар кезінде пайдаланудың жаңа мүмкіндігін ұсынады.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://alataucitybank.kz/ru/articles/news/alatau-city-bank-i-binance-kazakhstan-zapuskayut-oplatu-kriptovalyutoy-cherez-qr-kody-i-pos-terminaly