04.09.2026
Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен (CZ) Alem.ai халықаралық ЖИ орталығында кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ цифрлық және есептеу инфрақұрылымын дамыту перспективаларын талқылады.
Сапар барысында делегация Alatau City аумағында CryptoCity тұжырымдамасын және еліміздің ЖИ саласындағы өңірлік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған Data Center Valley жобасын ұсынды. Сонымен қатар Binance Pay компаниясының Alatau City Bank-пен серіктестігі таныстырылып, Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және АХҚО-мен екі меморандумға қол қойылды.
Алғашқы құжат цифрлық активтер, цифрлық және есептеу инфрақұрылымы, сондай-ақ инновациялық төлем шешімдері салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды қарастырады. Негізгі бағыттардың қатарында Қазақстанда стейблкоин шығару, цифрлық активтерді пайдалана отырып төлем жасау инфрақұрылымын одан әрі дамыту, цифрлық активтер саласындағы салықтық және сот төрелігіне қатысты тәсілдерді жетілдіру, сондай-ақ жаңа өнімдер мен сервистерді енгізу бар. Екінші құжат Инвестициялық салықтық-резиденттік бағдарлама шеңберінде ынтымақтастықты дамыту туралы болып отыр.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1286093?lang=kk