Сеул қаласының орталығындағы цифрлық экрандарда Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастықты бейнелейтін символикалық сюжет пайда болды.
Оның басты кейіпкерлері – Қазақстанды танытатын Барыс және Кореяның символы саналатын Жолбарыс. Олар бірігіп Alatau City картасы мен логотипін құрайтын төрт элементті жинайды. Әр элемент жаңа қаланың төрт ауданының бірін бейнелейді.
Alatau City Қазақстан-Корея күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың біріне айналды. Ресми кездесулер барысында жоба Корея Республикасының басшылығына және корей бизнес өкілдеріне таныстырылып, олардың қызығушылығын тудырды.
Сеул қаласының орталығындағы символикалық таныстырылым Alatau City жобасының халықаралық сипатын көрсетіп, Қазақстан мен Корея арасындағы қалалық инфрақұрылым, инвестициялар және ірі жобаларды іске асыру салаларындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын айғақтайды.
Бейне сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DdT3nszoLoL/?stkn=OWU1Zmlqbm9lOG42

Барлық жаңалықтар