Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Корея Республикасына жұмыс сапары аясында Korea Electric Power Corporation (KEPCO), Lotte Hotels & Resorts, Doosan Enerbility және Global Green Growth Institute (GGGI) басшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар корей компанияларының Alatau City-дегі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуын талқылады.
KEPCO-мен кездесуде Alatau City-дің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша ынтымақтастық перспективалары қаралды. Атап айтқанда, корей корпорациясының электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жобалауға, қосалқы стансалар салуға, ұлттық энергия жүйесімен интеграциялауға және жергілікті электр желілерін қосуға қатысуы талқыланды.
Doosan Enerbility және GGGI басшылығымен Alatau City-дің меншікті генерациясын дамыту мәселелері талқыланды. Перспективалы бағыттардың бірі ретінде қуаты 2×250 МВт болатын, кейіннен сутегіге көшу мүмкіндігі бар газ электр стансасын салу қарастырылуда.
Сондай-ақ туристік және қонақүй инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Lotte Hotels & Resorts компаниясымен Alatau City-де L7 by Lotte қонақүйі бар көпфункционалды кешенді іске асыру мүмкіндігі талқыланды. Құны $200 млн-нан асатын жоба 180 нөмірлі қонақүйді, кеңсе кеңістіктерін және тұрғын апартаменттерді көздейді.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.inform.kz/ru/kazahstan-ivedushie-koreyskie-kompanii-prorabativayut-novie-proekti-dlyarazvitiy-25ba3334

Барлық жаңалықтар