Alatau City-де қалалық инфрақұрылым мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін цифрлық құралдарды пайдалану жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Оның айтуынша, қала үшін Tokenization by Default тұжырымдамасы әзірленді.
— 2026 жылдың соңына дейін Iconic Tower кешенін 50 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға токенизациялауды іске қосу жоспарлануда. Тағы бір жоба — 10 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға Birlik логистикалық орталығы. Екі жоба да KASE инфрақұрылымы арқылы жүзеге асырылады, — деді Тимур Сүлейменов.
Тағы бір бағыт — цифрлық активтердің бірыңғай ұлттық нарығын қалыптастыру. Ол жалпыұлттық реттеу режимінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және Alatau City мүмкіндіктерін біріктіреді. Ұлттық банк басшысының айтуынша, аталған юрисдикциялар бір-бірінің мүмкіндіктерін толықтыруы тиіс.
Осы модель аясында Қазақстанда Binance-тің өңірлік қаржы-есеп айырысу хабын құру мәселесі пысықталуда.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.inform.kz/ru/dva-krupnih-obekta-planiruyut-tokenizirovat-v-alatau-city-1cbc59d5

Барлық жаңалықтар