Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы, Sunwah Group корпорациясының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті.
Мемлекет басшысы іскерлік ортаның 500-ден астам өкілі, соның ішінде 300-ге жуық қытай кәсіпкерлері бас қосқан Алматыдағы «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумын ұйымдастыруға Цай Гуаньшэньнің қосқан үлесін жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы Қазақстан Гонконгпен ынтымақтастықты Қытаймен сан қырлы қарым-қатынастың маңызды бөлігі ретінде қарастыратынын айтты.
Цай Гуаньшэнь Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу бастамасына қолдау білдірді. Сондай-ақ өз тарапынан іс-шараны ұйымдастыру ісіне атсалысуға дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек, Қытай бизнесі Қазақстанның инвестициялық келешегіне толық сенім артатынын және тың бағыттарда жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті. Бұл ретте жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, қаржы инфрақұрылымы, өнеркәсіптік кооперация, сондай-ақ Alatau City жобасына қатысу ынтымақтастықтың перспективті салалары ретінде айқындалды.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-sunwah-group-toragasy-cay-guanshendi-kabyldady-2584130

Барлық жаңалықтар