Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастығы үшін серпінді жоба деп атады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның цифрлық технологиялар саласында бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
«Корея Республикасы – жаһандық технологиялық бәсекелестіктегі көшбасшы елдердің бірі. Қазақстан да цифрлық трансформация үдерісіне белсенді қатысушыға айналды. Астанада Alem.ai халықаралық орталығы ашылды, суперкомпьютерлер іске қосылды, жасанды интеллект бойынша мамандандырылған университет өз жұмысын бастады. Кореямен бірқатар бірлескен бастамалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістанда Woosong университеті ашылды, Қызылордада SeoulTech-пен бірлесіп Жасанды интеллект институты құрылды. Серіктестігіміздің серпінді жобасы – әлемдегі жетекші технологиялық университеттердің бірі KAIST-тің (Кореяның озық технологиялар институты) Alatau City-дегі филиалын ашу болмақ», – деді Мемлекет басшысы.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://profit.kz/news/74860/Filial-KAIST-otkrout-v-Alatau-City/