Отбасы банктің мәліметінше, аталған келісім аясында пилоттық жоба іске қосылады. Жоба шеңберінде тұрғын үй төлемдерін алушылар пәтер құнының 30%-ын Отбасы банктегі депозитке салып, пәтерге қоныстана алады және 10-11 айдан кейін тұрғын үйді өз меншігіне рәсімдей алады.
Бағдарлама шарттары
Бағдарлама қатысушыларына тұрғын үй кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі. Пәтерлер Алатау қаласының Gate City ауданында орналасқан. Оларды «Баспана маркет» платформасы арқылы таңдауға болады.
Тұрғын үй төлемдерін алушылар пәтер құнының 30%-ы мөлшеріндегі бастапқы жарнаны Отбасы банктегі депозитке салады. Одан кейін қатысушы таңдаған пәтерінде 10-11 ай бойы тұрады. Құрылыс салушы пәтерді толық әрленген және жиһазбен жабдықталған күйде ұсынады. Осы кезең ішінде қатысушы Отбасы банктен аралық тұрғын үй заемын алу үшін қажетті ең төменгі бағалау көрсеткішін жинақтайды.
Тұрғын үй жиһазбен, атап айтқанда, асүй және жатын бөлме жиһаз жиынтықтарымен, сондай-ақ дәліздегі шкафтармен жабдықталған. Компания өкілдерінің айтуынша, тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Бағдарлама тек әскери қызметшілерге ғана емес, тұрғын үй төлемдерін алатын басқа да азаматтарға, оның ішінде полиция, прокуратура және Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне арналған.

Барлық жаңалықтар