Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыс нығая түспек

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сингапурлық «Surbana Jurong Group» компаниясының бас директоры Шон Чао мырзамен кездесті.

Кездесу барысында электр энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, көлік инфрақұрылымы, сумен жабдықтау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Ерұлан Жамаубаев 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 65,1%-ға өсіп, $1,9 млрд-қа жеткенін атап өтті. Қазақстан экономикасына сингапурлық капитал инвестициясының тұрақты өсімі байқалады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында $92,2 млн жиналды. Ал жалпы 20 жылдан аз уақыт ішінде Сингапурдан $1,2 млрд тартылды.

Өз кезегінде Шон Чао Қазақстан мен Сингапур аймақтарын түрлі салалардағы көп жылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын, оны кеңейту үшін жеткілікті әлеует бар екенін жеткізді.

Толығырақ сілтеме бойыншаҚазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыс нығая түспек - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы (primeminister.kz)

Қонаев қаласының Бас жоспары қабылданды

Алдыңғы мақала

Үкіметте «G4 City» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

Келесі мақала