27.10.2023
27 қазанда қалалық
мәслихаттың депутаты Болат Таутенұлы Садықовтың төрағалығымен Қонаев қаласы
мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясы өтті.
Сессияда Алматы облысының G4 City қаласы бас
жоспарының жобасын мақұлдау туралы сұрағы қаралды.
Аталған сұрақ бойынша
депутаттар алдында Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының
басшысы Б.Мұсылманбеков пен «Almaty region master plan» ЖШС директорының
орынбасары Б.Дәулетов шығып сөйлеп, G 4 City қаласының бас жоспары жайлы
түсініктеме берді.
Депутаттар Алматы
облысының G4 City қаласы бас жоспарының жобасын бірауыздан мақұлдады.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/643329?lang=kk