30.10.2023
2023 жылдың 30 қазанында аудандық мәслихаттың кезектен
тыс XII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары
А.Ж.Құрманғалиев, аудандық бөлім және басқарма басшылары, Боралдай кенті мен
ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Сондай-ақ Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Күнесбаев Айдос Күнесбаевич, «Алматы облысының бас жоспары» ЖШС директоры Пирожков Арсений Валерьевич және «Алматы облысының бас жоспары» ЖШС директорының орынбасары Давлетов Болат Есенғалиұлы қатысты.
Сессияның қарауына келесі күн тәртібі ұсынылды:
«G4 City» қаласының бас жоспарының жобасын мақұлдау.
Талғар ауданынан бөлінетін жалпы 15515 га аумағымен
Жаңалық, Дәулет, Қайрат, Жаңаарна ауылдарын, Қонаев қаласынан бөлінетін жалпы
9905 га аумағымен Арна, Заречный ауылдарын қоса отырып, Іле ауданының
әкімшілік-аумақтық шекарасын өзгерту туралы ұсыныс беру.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер алдын-ала
аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында және аудандық
Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланып, сессияның қарауына ұсынылған болатын.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-ile/press/news/details/644549?lang=kk