Бағыттар Флагман жоба

Алатау
Сити

Алатау — халықаралық Орталық Азия хабына айналуға арналған Қазақстанның стратегиялық жобасы.

88 000 гектар аумақ
4 аудан — даму бағыттары
2 млн+ 2050 жылға тұрғын
1 млн+ жұмыс орны

Төрт ауданнан
тұратын ақылды қала

Алатау қаласы — Алматы – Қонаев Алматы–Қонаев автомобиль магистралі бойында орналасқан, заманауи төрт тақырыптық ауданнан тұратын ақылды қала. Бұл автомобиль магистралі Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі, Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) шеңберіндегі дәліздер және Солтүстік – Оңтүстік бағыты сияқты стратегиялық көлік бағыттарының тоғысқан нүктесі болып табылады. Сонымен қатар қала Жаңа Жібек жолы стратегиялық бастамасының артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Қаланың бас жоспарының тұжырымдамасын Surbana Jurong сингапурлық компаниясы әзірледі. Компания мастер-жоспарлау, сәулет, инфрақұрылым және қалаларды толық өмірлік циклі бойынша дамыту салаларында мол тәжірибеге ие. 50 жыл ішінде компания әлемнің 30 елінде 90-нан астам жобаны жүзеге асырды. Компанияның ең табысты жобаларының бірі – Сингапур қаласының дамуы. Осы тұжырымдама 2024 жылғы 17 мамырда бекітілген Алатау қаласының Бас жоспарының негізіне алынды.

Алатау қаласы, Алматы облысы, Бас жоспары

Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі

Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында бекітіліп, жедел дамып келе жатқан қала үшін мемлекеттік басқару мен реттеудің ерекше моделін қалыптастырады. Бұл модель Қазақстан Республикасының Үкіметімен тікелей өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Арнайы режим инвестиция тартуға, бизнесті дамытуға және жаңа жобаларды іске асыруға қолайлы жағдайлар жасайды. Ол резиденттер үшін салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды, шетелдік мамандарды тартудың ерекше шарттарын, жер қорын тиімді басқаруды, цифрлық активтерді дамытуға арналған арнайы мүмкіндіктерді және қаланы басқарудың бірыңғай цифрлық моделін енгізуді көздейді.
Заң сондай-ақ шетел азаматтарының Алатау қаласынан жылжымайтын мүлік сатып алу мүмкіндігін қарастырады. Мұндай сатып алудың шарттары мен тәртібі қала әкімшілігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен айқындалатын болады.
Жалпы алғанда, арнайы құқықтық режим инвесторлар, бизнес және Алатаудың болашақ тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып, қаланың серпінді дамуы мен оның халықаралық экономикаға интеграциялануының құқықтық негізін қамтамасыз етеді.

Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы заңнама

Инвестициялар тарту

Caspian Group – Алатау қаласын дамыту жобасының бастамашысы және жеке инвесторы болып табылады. Алатауды дамыту моделі жеке инвестицияларды белсенді тартуға негізделген. Компания қаланың қала құрылысы мен инвестициялық негізін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Атап айтқанда, қаланың мастер-жоспарының тұжырымдамасын сингапурлық Surbana Jurong компаниясы әзірледі.
Компания сонымен қатар бірқатар маңызды қала құрылысы және сәулет жобаларын іске асыруды қамтамасыз етті. Олардың қатарында алғашқы флагмандық якорлық жоба – Iconic Complex және Gate District бизнес-паркінің тұжырымдамалары бар. Бұл жобаларды әлемге танымал америкалық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) сәулет бюросы әзірледі. Аталған бюро Дубайдағы Burj Khalifa ғимаратының жобасын жасаған.
Сонымен бірге көлік инфрақұрылымының ұтқырлық тұжырымдамасын италиялық MIC-HUB S.r.l. компаниясы әзірледі.
Жеке бағыт ретінде әлемдегі биік ғимараттар мен зәулім құрылыстар саласындағы жетекші компаниялардың бірі – қытайлық ірі мемлекеттік құрылыс корпорациясы CSCEC International Construction Co. Ltd компаниясын Iconic Complex жобасын және жаңа Gate District іскерлік ауданын салу әрі дамыту жобасына тарту жүзеге асырылды.
Мемлекет өз кезегінде қаланың нормативтік және инфрақұрылымдық негізін қамтамасыз етеді. Оның құрамына бас жоспар, сумен, газбен және электр энергиясымен жабдықтау схемалары, сондай-ақ автомобиль және теміржол инфрақұрылымына қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету кіреді.

Бір қала,
төрт мінез

Олардың әрқайсысы өз саласында инновация мен даму орталығына айналуға арналған.

Gate District

Іскерлік орталық және Алатауға кіреберіс

Алатаудың қаржылық-әкімшілік орталығы, қаланың ашықтығы мен халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылысының символы.

Аудан Алматы қаласының оңтүстік бөлігімен шектеседі, бұл ыңғайлы көлік қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Golden District

Білім, денсаулық және инновация орталығы

Білім беруді, медицинаны және ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған, инновация мен адами капитал үшін қолайлы орта жасайды.

Алатаудың орталық бөлігінде орналасқан, қаланың басқа аудандарына ыңғайлы қолжетімділікпен.

Growing District

Жаңа буын өндірісі мен логистикасы

Тұрақты дамуға және экспортқа бағдарланған экономикаға негізделген индустриялық-логистикалық кластер.

Алматы – Қонаев тас жолы мен теміржолды қоса алғанда, стратегиялық көлік бағыттарының бойында орналасқан.

Green District

Табиғат, туризм және демалыс

Демалыс пен ойын-сауық үшін қалалық орта мен табиғаттың бірегей үйлесімін ұсынатын рекреациялық және туристік кластер.

Қонаев қаласының оңтүстігінде, шығыс шекарасы Қапшағай көлі мен Қаскелең өзені бойында орналасқан.

2024–2050

Жобаны іске асыру ширек ғасырға есептелген. Бұл кезең инфрақұрылымның алғашқы нысандарын іске қосудан бастап, халқы екі миллионнан асатын заманауи қаланы қалыптастыруға дейінгі ауқымды даму кезеңін қамтиды.
Жобаның негізгі серіктестері
Халықаралық ынтымақтастық аясында Alatau City қаласын дамытуға Қытай, Канада және Оңтүстік Кореяның жетекші компаниялары мен технологиялық корпорациялары тартылды.
Олардың қатарында CSCEC International, Colliers, KPMG Korea, CIMC, SINOMACH, KIND, KAIST, Korea Airports Corporation, Hyundai Motor Company және Doosan Enerbility бар.
Бірлескен жобалар қаланы дамыту, инфрақұрылым, логистика, энергетика, цифрлық технологиялар, білім беру және қалалық ұтқырлықтың жаңа шешімдері сияқты стратегиялық бағыттарды қамтиды.

Alatau City

Алатауға
инвестиция салу

Жобаға қатысуды Caspian Group командасымен талқылаңыз.