Жоба туралы
«Gate City» тұрғын үй кешені — Алматы–Қонаев автожолының бойында орналасқан Алатау ақылды қаласының Gate District ауданындағы заманауи тұрғын үй жобасы.
Gate District — Алатау қаласын құрайтын төрт бірегей тақырыптық ауданның бірі. Осы тұжырымдамаға сәйкес тұрғын үй кешеніне «Gate City» атауы берілді.
Жобаны әзірлеу барысында тұрғындарға жайлы әрі сапалы өмір сүру ортасын қалыптастыруға басымдық беріліп, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.
Gate City — жаңа қаланың қақпасында қалыптасып жатқан заманауи өмір сүру кеңістігі.